Қазақстанда Жеңіс күні ерекше мәнге ие, өйткені ол Отанды басқыншылардан қаһармандықпен қорғауды білдіреді. Көптеген қазақстандықтар теңдессіз ерлік көрсетіп, туған жерін қорғап, өз өмірлерін берді. Биыл мереке Жеңістің 80 жылдығымен байланысты. 9 мамырда Шахтерское ауылында осы күнге арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Іс-шара аясында еске алу митингі өтті, оған ауыл тұрғындары мен қонақтары, оқушылар, педагогтар, әкімшілік өкілдері мен шақырылған қонақтар қатысты. Іс-шараға қатысушыларға жеңіс ленталары таратылды. Қатысушылар қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, мерекелік концерт өткізді. Өткізілген іс-шара өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді, тарихқа деген құрмет пен еліміздің бейбіт аспаны үшін күрескендерді еске алуға ықпал етті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk-shahter/press/news/details/993190?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау