5-мамыр күні «Достар» мәдениет сарайында «Жігіт сұлтаны» қалалық байқауы өтіп, оған №55/10 әскери бөлімнің, қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің, қорғаныс істері жөніндегі қалалық бөлім өкілдері, ЖОО мен колледж студенттері, сондай-ақ мектеп-гимназия оқушылары қатысты. Жас қатысушылар зияткерлік, физикалық және шығармашылық кезеңдерде бақ сынасты.
Қалалық мәдениет бөлімінің басшысы Күнім Уразбаеваның айтуынша, байқаудың басты мақсаты – тіл саясатын насихатау, адамгершілік қасиеттер мен патриотизмге тәрбиелеу, ұлттық мәдениет пен тарихты дәріптеу, сондай-ақ талантты және жан-жақты дамыған жастарды анықтау.
Байқау төрт кезеңде өтті. Бірінші кезең – «Таныстыру» – қатысушыларға өздерін таныстырып, сүйікті айналысатын ісі мен жетістіктері туралы әңгімелеп, бейне презентациямен сүйемелдеуге мүмкіндік берді. Әр қатысушының сахнадағы қойылымдары көрермендердің қызығушылығын тудырып, нағыз керемет көрініске айналды.
Әсіресе байқаудың шығармашылық бөлімі ерекше шиеленісті әрі тартысты болды. Мұнда қатысушылар бар өнерлерлерін салып, музыкалық, вокалдық және актерлік қабілеттерін көрсетті.
Білім беру кезеңі аясында қатысушылар «ҚР Тіл туралы» Заңы бойынша, қазақ халқының тарихы мен дәстүрлері туралы сұрақтарға жауап бері
Соңғы сынақ спорттық байқау болды: қатысушылар 24 келі салмақтағы гірді бір қолмен көтеруге тырысты. Дәл осы сайыста ең күшті және төзімді қатысушы анықталды.
Байқау қорытындысы бойынша барлық қатысушылар алғыс хатпен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Бірінші орынды Көкшетау қаласының №5510 әскери бөлімінің сарбазы Төлеген Ернар иеленсе, екінші және үшінші орындарды қорғаныс істері жөніндегі қалалық бөлімінен келген Өмірхан Қуаныш және № 11 мектеп-гимназиясының оқушысы Ешімбай Нұржан бөліп алды. Ал “Жігіт сұлтаны” байқауының бас жүлдесін Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің студенті Шрайданов Жанболат жеңіп алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/culture-kokshetau/press/news/details/993043?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау