Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев тиісті сала орынбасары, бөлім басшылары және жауапты мекеме қызметкерлерімен бірге аудандағы бірқатар нысандардағы санитарлық тазалық, абаттандыру жұмыстарының қазіргі жай күйін қадағалады.
Аталған мамандармен Төрткүл ауылына барып, әлеуметтік және мәдени нысандарды, көше бойларын аралап, ондағы тазалық, абаттандыру бағытында берілген тапсырмалардың орындалу жағдайын саралады. Аралау барысында едәуір мәселелер анықталып, нысандардағы жауапты сала тарапынан үйлестіріліп, ретке келтірілуі тиіс біршама мәселелерді шешу жолдары жан-жақты қарастырылды.
Аудан басшысы ілгеріде нақты тапсырмалар берілген, қажетті мүмкіндіктер қарастырылған аталған жұмыстардың атқарылуында көптеген кемшіліктер орын алғанын баса айтып, сала жауаптыларына кемшіліктерді белгілі мерзімде қалпына келтіруді тапсырды.
Одан кейін аудан орталығындағы біршама әлеуметтік нысандар мен сауда орындарының сырт келбеті және көше бойларының тазалығы мен реттілік жағдайларын пысықтап, мұнда да жауаптыларға аталған шаралардың кейінге шегерілмеуі жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау