2025 жылғы 9 мамыр күні Никольск ауылдық округінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты мерекелік концерт өтті. Шараға округ тұрғындары, ардагерлер, оқушылар мен мәдениет қызметкерлері қатысты. Концерт барысында соғыс жылдарындағы патриоттық әндер шырқалып, өлеңдер оқылды. Жергілікті өнерпаздар мен мектеп оқушылары арнайы дайындаған қойылымдар мен музыкалық номерлерін ұсынды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-bulandy-nikolskoe/press/news/details/993639?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау