АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖЕҢІС КҮНІ МЕН «ДИНАМО» ҚОҒАМЫНЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ЭСТАФЕТА ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қонаев қаласында Алматы облыстық патрульдік полиция қызметкерлері арасында кроссфит элементтерімен жеңіл атлетикалық эстафета өтті. Спорттық шара Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы мен «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының 100 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Жарысқа саптық бөлімшелердің ең үздік қызметкерлерінен құралған 12 команда қатысты. Барлығы 30-ға жуық полиция қызметкері жоғары физикалық дайындықтарын, ұйымшылдық, төзімділік пен рухты паш етті.

Нәтижесінде бірінші орынды Қонаев қалалық полиция басқармасының командасы жеңіп алды. Екінші орын Райымбек аудандық полиция бөлімінің командасына бұйырса, үшінші орынды Алатау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен, дипломдармен, кубоктармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Мұндай спорттық іс-шаралар қызметкерлер арасындағы бірлікті нығайтып, ұжымда сергектік пен спорттық рухты сақтауға ықпал етеді, сондай-ақ салауатты өмір салтын, тәртіп пен борышқа адалдықты насихаттаудың жарқын үлгісі бола алады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/993313?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version