Алматы өңірін сенімді және үздіксіз электрмен жабдықтауды, сондай-ақ электр энергиясының қауіпсіз транзитін қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі №330 бұйрығымен бекітілген электр желілері объектілерінің қорғау аймақтарын белгілеу және осындай аймақтар шегінде орналасқан жер учаскелерін пайдалану жөніндегі ерекше шарттар қағидаларының талаптарын қатаң сақтау қажет
Аталған Қағидаларға сәйкес, электр беру әуе желілерінің (ЭБӘЖ) қорғау аймақтарында келесі әрекеттерге тыйым салынады:
– Ашық от жағу, оның ішінде өсімдіктерді өртеу;
– Шөп, сабан және басқа да жанғыш материалдарды жинау;
– Ғимараттар мен құрылыстар салу, адамдардың көп жиналуымен байланысты іс-шаралар өткізу;
– Электр желілерінің иесімен келісімсіз құрылыс-монтаж, жер қазу және тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу.
ЭБӘЖ қорғау аймақтары әуе желілерінің шеткі сымдарының проекциясынан жер бетіне дейінгі екі жағынан келесі қашықтықтарда белгіленеді:
– 1 кВ дейінгі кернеу үшін — 2 метр;
– 1–20 кВ — кемінде 10 метр;
– 35 кВ — кемінде 15 метр;
– 110 кВ — кемінде 20 метр;
– 220 кВ — кемінде 25 метр;
– 330–500 кВ — кемінде 30 метр;
– 1150 кВ — кемінде 55 метр.
Алматы облысы Іле ауданының аумағы арқылы келесі әуе электр беру желілері өтеді:
– 500 кВ Л-5413 «Алма – Талдықорған»;
– Л-2043 «ҚГЭС – Талдықорған (Сарыөзек тармағымен)»;
– Л-2533 «Талдықорған – Талдықорған-220 (Заводская тармағымен)»;
– 220 кВ Л-2103 «АТЭЦ-3 – Алма»;
– Л-2113 «АТЭЦ-3 – Алма»;
– Л-2013 «АТЭЦ-3 – Алматы»;
– Л-2053 «Алматы – Робот»;
– Л-2413 «Алма – Робот»;
– Л-2123 «ҚГЭС – Робот»;
– Л-2133 «ҚГЭС – Робот»;
– Л-2433 «Алма – Шелек»;
– Л-2773 «Медеу – Алматы»;
– 500 кВ Л-5363 «ОҚГРЭС – Алма»;
– Л-5353 «Алматы – Алма».
ЭБӘЖ қорғау аймақтарында белгіленген талаптарды сақтау — апаттық жағдайлардың алдын алу және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін міндетті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ile-karaoi/press/news/details/993411?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау