АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ КӨГАЛДАНДЫРУ, ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ ЖӘНЕ ШЕГІРТКЕМЕН КҮРЕС МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ
Бүгін аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте «Жасыл белдеу» бағдарламасының іске асырылу барысы пысықталды. Соңғы екі жылда аудан аумағында 22,5 гектар жерге 41 600 түп ағаш отырғызылған.
Суару жүйелері кезең-кезеңімен іске қосылып, кейбір учаскелерде тамшылатып суару әдісі қолданылған. Аудан басшысы тиісті бөлімге өнбей қалған көшеттердің нақты саны мен себебін анықтауды тапсырып, кем-кетіктерді қалыпқа келтіру қажеттігін тапсырды.
2024-2025 жылғы жылыту маусымы 189 күнге созылып, 8 көпқабатты үй мен 165 әлеуметтік нысан жылумен қамтамасыз етілді. Оған 2 475 тонна көмір 53,3 млн теңгеге сатып алынған. Жылу тиімділігін арттыру үшін 6 нысанның қазандықтары газға ауыстырылып, қазіргі уақытта Қызылшаруа мен Қазақ ауылдарындағы екі мектептің қазандықтарын газдандыру жұмыстары қолға алынуда.
Ауыл шаруашылығына зиян келтіретін шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстары биыл ерте басталды. 11 сәуірден бастап марокко шегірткесіне қарсы 0,796 гектар, ал 24 сәуірден бастап итальян шегірткесіне қарсы 138 гектар аумақ өңделді.
Жалпы 4 225 гектар жерді қамту жоспарланған. Бұл бағытта тиісті мекеме ауылдық округ әкімдерімен бірлесе жүйелі жұмыстарды іске асыру қажеттігі тапсырылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov/press/news/details/993960?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау