Құрметті Ақкөл ауданының тұрғындары!
«Ақмола облысы Ақкөл ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту туралы» 2025 жылғы 29 сәуірдегі № А-5/226 Ақмола облысы әкімдігінің бірлескен қаулысына және 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 8С-19-4 Ақмола облыстық мәслихатының шешіміне сәйкес келесі өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз:
Жалғызқарағай ауылдық округінің Қайнар ауылы:
– басқа қоныстар санатына жатқызылды;
– есептік деректерден шығарылды;
– оның аумағы Ақкөл ауданы Жалғызқарағай ауылдық округінің Жалғызқарағай ауылының құрамына енгізілді.
Ерназар ауылы:
– Ақкөл қаласының әкімшілік бағынысынан шығарылып, Ақкөл ауданы Урюпин ауылдық округінің әкімшілік бағынысына берілді.
Құрметпен,
Ақкөл ауданының әкімдігі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-akkol/press/news/details/993851?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау