Ақтау қаласында ҚР Қарулы күштері әскери-теңіз күштеріне қарасты 29011 әскери бөлімінің құрамына ел түкпірінен шақырылған 169 жас отанына адал болуға ант берді. Салтанатты шараға Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов, ҚР Қарулы күштері әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы, вице-адмирал Серік Борамбаев, сала ардагерлері мен қоғам белсенділері сондай-ақ сарбаздардың ата-аналары қатысты.
Іс-шара барысында әскери теңізшілер мен салтанатты жиынның қонақтары алдымен «Мәңгілік алау» монументіне гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды. Кейін шаһар басшысы ант қабылдаған жас матростарға ақ жол тілеп, жылы лебізін арнады.
–Бүгін ант қабылдаған сарбаздарға Отан алдындағы борышты абыроймен өтеп, аман-есен отбасылырыңызға оралуларыңызға тілектеспін, – деді қала әкімі Әбілқайыр Байпақов.
Шара соңында жас матростар келуші қонақтарға қоян-қолтық ұрыс элементтері мен саптық дайындық әдістерін көрсетті.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/993291?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау