“АШЫҚ ЕСІК” КҮНІНДЕ ЖҮЗДЕГЕН ТҰРҒЫН ТЕКСЕРУДЕН ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

12 сәуір күні сағат 08:00-13:00 аралығында аймағымыздағы барлық емханалар мен стационарлардың кеңес беру бөлімдерінде тұрғындарға көрсетiлетiн медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында “Ашық есік” күні жалғасын тапты.
“Ашық есік” күнінде тұрғындар скринингтiк, профилактикалық, флюорографиялық тексерулерден өтiп, көрсетілім бойынша күндiзгi және тәуліктік стационарға жолданды. Сонымен қатар мiндеттi профилактикалық екпе жұмыстары да жүргізілдi.
Сондай-ақ, алыс-шалғай елді мекендердегі сақтандырылмаған мәртебесi бар тұрғындарға да жылжымалы медициналық кешен қызметiмен қамтылды, яғни маммографиялық, ультрадыбыстық зерттеу түрлерінен тегін өтуге мүмкіндік берiлдi.
Атап айтсақ, “Ашық есік” күнiнде 1134 тұрғын дәрігерге дейінгi және 603 адам скринингтiк тексеруден өтсе, 750 пациент тар буынды мамандармен қаралды. Сонымен қатар, 434 лабораториялық анализдер тексеруден өтсе, 942 диагностикалық тексерулер жасалынып, 94 тұрғын диспансерлiк бақылауға алынған. Одан бөлек 58 адам дәрi-дәрмекпен қамтылып, 4 адам стационарлық көмекке жолданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-sayasat/press/news/details/993795?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version