Астана әкімі Иван Панфилов ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында Иван Панфилов пен 28 панфиловшы батырларға арналған ескерткішке гүл шоғын қойғаны туралы жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Құрметті елорда тұрғындары! Ардақты ардагерлер мен тыл еңбеккерлері!

Сіздерді әрбір қазақстандықтың жүрегінде ерекше орын алатын қастерлі мереке – Жеңіс күнімен құттықтаймын!

Бүгін генерал Иван Панфилов пен 28 панфиловшы батырларға арналған ескерткішке гүл шоғын қойдық. Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлікпен қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алдық.

9 мамыр – Ұлы Отан соғысы жылдарында өмірін құрбан етіп, елінің еркіндігі мен тәуелсіздігін қорғап қалған батырларды еске алу күні. Соғысқа бір миллион екі жүз мыңнан астам қазақстандық аттанып, олардың жүздеген мыңы майданнан сол қалпы оралмады. Олардың ерлігі, жанқиярлығы мен төзімділігі – Ұлы Жеңістің негізі болды.

Мереке құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және амандық тілеймін!» – деп жазды елорда әкімі.

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/992641?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version