2025 жылғы 12 мамырда Смағұлов Айбол Рахымғалиұлының төрағалығымен Жітіқара аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының отырысы өтті.
Депутаттар мәселелерді қарады:
1. 2024 жылғы Жітіқара ауданының аудандық бюджетінің атқарылуы туралы;
2. 2024 жылғы Жітіқара ауданының Жітіқара қаласының бюджетін атқару туралы;
3. 2024 жылғы Жітіқара ауданының ауылдары, ауылдық округтері бюджеттерінің атқарылуы туралы.
Отырыс жұмысына аудандық мәслихат төрағасы, аудан әкімінің орынбасарлары, Жітіқара қаласының әкімі, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері қатысты.
Отырыс барысында қызықтырған сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті қаулылар қабылданды
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhitikara/press/news/details/993475?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау