Ағымдағы жылдың 10 мамырында Қарағанды қаласының “Global city” СОО аумағында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда.
Жәрмеңкеде өз өнімдерін 7 ауылдық ауданның 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушілері, облыс қалаларының, сондай-ақ Түркістан облысының өңдеу кәсіпорындары орташа нарықтық бағадан 10-15% төмен бағамен ұсынады.
Жәрмеңкеге ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер барлығы 163 тонна ауыл шаруашылығы өнімін, оның ішінде: 60 тонна ет, 50 тонна картоп, 16 тонна сүт өнімі, 7 тонна балық және балық өнімі, 150 мың дана тауық жұмыртқасы және 30,0 тонна өзге де өнімді жеткізетін болады.
Облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері жәрмеңкеге жеткізген өнімдер қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік дастарханға қолжетімді бағамен жаңа өнімдерді сатып алуға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-agro/press/news/details/992434?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау