2025 жылғы 12 мамыр күні аудан әкімі Бақытжан Мұқановтың жеке қабылдау өткізді. Қабылдау барысында аудан тұрғындары өздерін толғандырған бірқатар маңызды мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, жер пайдалану, тұрғын үймен қамтамасыз ету және көпқабатты тұрғын үйлерге орталық жылыту жүйесін тарту мәселелері талқыланды.
Азаматтардың өтініштерін мұқият тыңдаған аудан әкімі тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріп, көтерілген проблемаларды қысқа мерзім ішінде шешуді жүктеді. Әкім тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.
Әр апта cайын аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша алдын-ала жазылу арқылы қабылдайтынын еске саламыз.
Қабылдауға 8 (721-44) 21-7-21 нөмірі бойынша жазылып, толығырақ ақпарат алуға болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk/press/news/details/993667?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау