Баспасөз хабарламасы 2025 жылғы 8 мамырда Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 Баспасөз хабарламасы

 

2025 жылғы 8 мамырда Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Тексеру комиссиясының отырысында 2024 жылғы Қарағанды облысы бойынша жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігінің мемлекеттік аудитінің қорытындысы шығарылды.

Бұрмаланудың жалпы көлемі берілген мән деңгейінен аспағанын ескере отырып, 2024 жылғы облыстық бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне қатысты оң пікір білдірілді. Аудитпен “Қарағанды облысының білім басқармасы” ММ тұлғасында бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің, сондай-ақ оның ведомстволық бағынысты 8 мекемесінің шоғырландырылған қаржылық есептілігі қамтылды.

“Қарағанды облысының білім басқармасы” ММ Облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаржылық есептілігінің бұрмалануына активтер, міндеттемелер және шығыстар ретінде қаржылық есептіліктің негізгі элементтері бойынша жол берілді. «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ ББӘ-нің қосарланған қаржылық есептілігіне, сондай-ақ «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ-нің және ведомстволық бағынысты мекемелердің жеке қаржылық есептілігіне қатысты ескертпемен пікір білдірілді.

Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары талаптарынан негізгі ауытқулар, сондай-ақ шоғырландыру кезінде ықпал ететін өзге де қателер ретінде есепте ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар мен бюджет алдындағы қаржылық міндеттемелердің танылмауы және дұрыс танылмауы, негізгі құралдардың, аяқталмаған құрылыстың дұрыс жіктелмеуі, салық және әлеуметтік төлемдер бойынша бюджетпен есеп айырысу бойынша операциялардың бухгалтерлік есеп тіркелімдерінде толық көрсетілмеуі байқалды.

Қаржылық бақылау шараларымен 5 заңды және 8 жеке лауазымды тұлғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық құрамы бар мемлекеттік аудит материалдары мәселені қарау және адамдарды әкімшілік жауаптылыққа тарту үшін тиісті мемлекеттік органдарға берілді.

Мемлекеттік аудиттің сегіз объектісінің атына анықталған бұзушылықтарды жою және бұзушылықтарға жол берген лауазымды адамдардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқамалар жіберілді.

Қарағанды облысының мәслихатына лауазымды тұлғалардың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық және өзге де актілерінің талаптарын бұзуы және сақтамауы фактілері бойынша ұсыныстар жіберілді.

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/krgrevcom/press/news/details/993510?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version