Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Батыс Қазақстан облысының әкімі өңіріміздің ардагерлеріне арнайы барып, мерекелік құттықтауларын жеткізді.
Айрықша құрметпен облыс басшылығы Ұлы Отан соғысының ардагері В.Скаленконың шаңырағына барып, ардагердің ерлігі мен ерен еңбегіне алғыс білдіріп, сый-сияпат табыстады.
Сонымен қатар, өңір басшысы 102 жастағы ардагер Иван Гапичтің үйіне барып, оны Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады. Ардагерге ерекше ілтипат көрсетіліп, оның Отан алдындағы адалдығы мен ерлігі үшін алғыс айтты.
Сондай-ақ, бұл мереке қарсаңында 98 жасқа толған Жайсан Ақбайға да арнайы барып құттықтауларын жеткізді. Ардагердің ұзақ ғұмыры мен халыққа сіңірген еңбегі ерекше аталып өтті.
Облыс және қала басшылығы ардагерлерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасылық амандық тілеп, олардың ерлігі әрқашан ел жадында сақталатынын жеткізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-uvp/press/news/details/992624?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау