blрғыз ауданы тұрғындары назарына!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 21-30 мамыр аралығында Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік қайтарымсыз грантқа <<<Business.enbek.kz»порталы арқылы өтінім қабылдау басталатындығын хабарлаймыз. Гранттар қайтарымсыз негізде беріледі, нысаналы мақсаты жаңа бизнесті бастау және дамыту болып табылады. Грант көлемі 400 айлық есептік көрсеткішті (1572 800 теңге) құрайды.
Мемлекеттік грант алуға үміткер бола алады:
-тіркелген жұмыссыздар;
-жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі 3 жылға дейін)
Бұл ретте үміткер төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болу керек:
-еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар;
-аз қамтылған отбасы мүшелері (АӘК алушылар);
-көпбалалы отбасы мүшесі (жұбайы/зайыбы);
-мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы/зайыбы);
-асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар;
-қолданыстағы «қандас» мәртебесі бар адамдар;
-өңіраралық қоныс аударушылар;
Сонымен қатар, үміткердің «Бастау Бизнес»
жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқығаны туралы сертификат болуы тиіс.
Қосымша сұрақтар бойынша:
Ырғыз ауданының мансап орталығы филиалы, Абай көшесі, 20.
87086309704

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-irgiz-tauip/press/news/details/993874?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version