Дәрігерлік амбулатория ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облысының денсаулық сақтау жүйесінде тағы бір маңызды нысан халық игілігіне берілді.

Тараз қаласы, Әулие-Ата ауданы, Қызылжұлдыз алқабында жаңадан бой көтерген «Қызылжұлдыз» дәрігерлік амбулаториясы 7-қалалық емханасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Жалпы ауданы 448,8 шаршы метрді құрайтын мекеме бір мезетте 50 адамға медициналық қызмет көрсетуге арналған.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмектен бастап, лабораториялық диагностика, скринингтік және профилактикалық тексерулер, психолог пен әлеуметтік қызметкердің кеңесі, стационарды алмастыратын қызметті көрсететін мекемеге 3 учаске, 4881 тұрғын тіркелген, оның 32,6% – балалар, 5,4% – 70 жастан асқан қариялар.

Жаңа медициналық нысан – өңір тұрғындарына қолжетімді, сапалы және кешенді медициналық қызмет ұсынуға бағытталған маңызды қадам.

Жамбыл облысының әкімі Е.Қарашөкеев дәрігерлік амбулаторияның салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, мекеменің тұрғындарға медициналық қызмет көрсетуіне сәттілік тілеп, лебіз білдірді. Ауыл тұрғындары өңір басшысына алғысын білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk/press/news/details/993541?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version