Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің, облыстық мәслихат депутаттарының және Қарағанды облысының қоғамдық кеңес мүшелерінің қолдауымен 6-7 мамыр аралығында Қарағандыда боччадан турнир өтті.
«Жастар» спорт кешенінде паралимпиадалық спорт түрімен айналысатын ерекше қажеттіліктері бар балалар мен ересектер бас қосып, өздерінің спорттық таланттарын ортаға салды.
Қарағанды кубогы үшін Астана, Абай ауданы, Жаңаөзен, Қарағанды, Павлодар облысы және Саран командалары бақ сынасты. Облыстық мәслихат төрағасы Нұркен Кобжанов атап өткендей, соңғы жылдары боччаның таралу аймағы белсенді түрде кеңейіп келеді. Ойын барған сайын қол жетімді және танымал бола бастады.
Нұркен Кобжанов өзінің құттықтау сөзінде барлық қатысушыларды турнирде жемісті өнер көрсетулерімен құттықтап, жалпыкомандалық есепте 1 орынға ие болған жеңімпаздар-чемпиондар Қарағанды қаласының командасына ерекше құттықтауын білдірді.
«Турнирді ұйымдастырушыларға, ата-аналар мен көмекшілерге, жаттықтырушыларға, сондай-ақ спортшыларымызға қолдау көрсеткен облыстық мәслихат депутаттары мен облыстың Қоғамдық кеңес мүшелеріне алғыс білдіремін. Сіздердің еңбектеріңіз бен қамқорлықтарыңызды ерекше бағалаймыз! Сондай-ақ, турнирдің демеушісі – облыстық мәслихат депутаты Жан Серікұлына жарыс кезінде қолайлы жағдай жасағаны үшін алғыс айтамыз. Өңірлік федерация мен депутаттық корпус біздің өңірде боччаны одан әрі дамыту үшін бар күш-жігерін салатын болады», – деп атап өтті Қарағанды бочча федерациясының Президенті, облыстық мәслихат төрағасы Нұркен Кобжанов.
Бочча спортшыларын лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karagandinskoy-oblasti/press/news/details/993709?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау