«Ел амандығы-Мемлекет тыныштығы»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасы бойынша 2020 жылғы 25 мамырда «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңы қабылданды.
Осы Заң бойынша жиналыстар мен митингілерді ұйымдастыру және өткізу үшін жергілікті атқарушы органға бұндай жиындар өтетін күніне дейін 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей жазбаша нысанда хабарлама берілуі тиіс.
Хабарламада бейбіт жиналыстың мақсаты мен нысаны, өткiзiлетiн жерi немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың болжамды саны, ұйымдастырушылар мен қоғамдық тәртіпті сақтауға жауапты адамдардың деректері және басқа да ақпарат көрсетіледі.
​Бейбіт жиналыстар жергілікті атқарушы орган белгілеген арнайы орындарда өткізіледі және оларды жергілікті уақыт бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.
Азаматтардың өмірі мен денсаулығына, қоғамдық тәртіпке және (немесе) қоғамдық қауіпсіздікке нақты қатердің төнуі, мемлекеттің конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, қолданыстағы заңнаманы бұзуға үндеулер, бейбіт жиналыс өткізу уақытының өтуі және басқалары бейбіт жиналыстарды тоқтату негіздері болып табылады.
Егер жиналыс немесе митинг жергілікті әкімдікке тиісті хабарлама берілмей ұйымдастырылып, өтетін болса, олардың ұйымдастырушылары мен қатысушылары әкімшілік жауаптылыққа тартылуы мүмкін.
Мұндай әрекеттер үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 488-бабында 15 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу жазасы көзделген. Ал, егер бұл әрекеттер азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірумен қатар жүретін болса, Қылмыстық кодекстің 400-бабы бойынша елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу жазасы қарастырылғанын назарларыңызға саламыз!
Бұл ретте, «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының талаптарын сақтауға шағырамыз.

Тұран ауданының
прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-shymkent/press/news/details/993260?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version