Қызметті алу үшін тек SMS-хабарламаны күтіп, оны растау қажет. Одан кейін барлық қажетті рәсімдерді жүйе автоматты түрде жүзеге асырады. Қосымша ақпарат қажет болған жағдайда пайдаланушылар порталдың қолдау қызметіне жүгіне алады.
Автоматты түрде қайта рәсімдеу мына қызметтерге қолжетімді:
- Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу;
- Тұқым (түпнұсқалық, элиталық, бірінші, екінші және үшінші репродукциялар) өндірушілер мен өткізушілерді аттестаттау.
Жаңартылған құжат қайта рәсімдеу процесі аяқталғаннан кейін бірден eLicense.kz порталындағы жеке кабинетте қолжетімді болады. Бұл жаңашылдық өтініш берушілерге уақыт үнемдеуге және құжаттарды қайта жинап, тапсыру қажеттілігін болдырмауға мүмкіндік береді.
Жаңа функционал ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде іске қосылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/993486?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау