2025 жылғы 12 мамырда «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Еңбекшіқазақ ауданының прокуратурасы тыйым салынған заттарды жарнамалайтын жазуларды жою бойынша акция ұйымдастырды.
Іс-шара барысында жергілікті атқарушы органдармен және білім беру ұйымдарының оқушыларымен бірлесе отырып, ауданның көшелері мен аулаларына тексеру жүргізілді.
Нәтижесінде интернет арқылы есірткі құралдарын тарату арналарына сілтемелер анықталып, жойылды.
Прокуратура мұндай ақпаратты орналастыру Қазақстан Республикасы заңнамасымен тыйым салынғанын және әкімшілік, сондай-ақ қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салады.
Наркограффитилерді анықтау және жою жұмыстары тұрақты негізде жалғастырылады.
Прокуратура қызметкерлері тұрғындарды қырағы болуға және осындай жазуларды анықтаған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.
#Заң_мен_Тәртіп
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty-obl/press/news/details/993853?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау