Энтеробиоз – бұл паразитарлық аурулардың ішіндегі ең жиі кездесетін түрлерінің бірі, әсіресе мектепке дейінгі және бастауыш сынып жасындағы балалар арасында жиі таралады. Аурудың қоздырғышы – ұзындығы 1 см-ге дейінгі ұсақ ақ түсті құрттар – острица (ішекқұрт), олар адамның ішегінде паразиттік жолмен өмір сүреді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ауру контакт арқылы жұғады және өте жұқпалы. Острицалардың жұмыртқалары бірнеше сағат ішінде жетіліп, айналадағылар үшін қауіпті болып кетеді. Олар күнделікті қолданатын заттар, ойыншықтар, төсек және ішкиім арқылы, сондай-ақ кілем мен жиһазға қонған шаң арқылы тез таралады. Ауру көзі – острица жұқтырған адам ғана.
Көбінесе жұғу гигиеналық талаптарды сақтамаудан болады: қолды жумау, тырнақ тістеу немесе ойыншықты ауызға салу. Сондықтан балалар жоғары қауіп тобына жатады. Сонымен қатар, қайтадан өз-өзін жұқтыру салдарынан ауру бірнеше айға дейін созылып кетуі мүмкін.
Энтеробиоздың басты белгісі – анус аймағындағы қатты қышыну, әсіресе кешке және түнде. Бұл баланың мазасызданып, ұйқысының бұзылуына, зейіннің төмендеуіне және ашушаңдыққа алып келеді.
Жұқтыру мен қайта жұқтырудың алдын алу үшін:
Қолды сабындап жиі жуыңыз – әсіресе тамақ ішер алдында және дәретханадан кейін;
Тырнақты қысқа етіп алып жүріңіз, балалардың саусағын ауызға салмауын қадағалаңыз;
Үйде ылғалды тазалық жасап тұрыңыз, төсек жабдықтарын жиі ауыстырып, жуып, үтіктеп отырыңыз;
Ойыншықтарды, әсіресе жұмсақ ойыншықтарды дезинфекциялап тұрыңыз;
Балаларға гигиеналық дағдылардың маңызын түсіндіріңіз – бұл олардың денсаулығының кепілі.
Ауру белгілері байқалған жағдайда дәрігерге қаралып, қажет болса ем қабылдаған жөн. Егер барлық ұсыныстар мен алдын алу шаралары сақталса, энтеробиоз жақсы емделетін ауру.
Денсаулық – таза қолдан басталады!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/993830?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version