ЕСКЕРТКІШТІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ЕСКЕРТКІШТІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Ұлы Отан соғысы мен оның батырларына арналған ескерткіштер – бүгінгі ұрпақтың батырларға құрметінің белгісі. Бұл өнер туындылары жас ұрпақты ерлікке баулитын құрал.
Осыған орай, Қамысқала ауылдық округінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіштің ашылу салтанаты өтті.
демеушілігімен ескерткіш қайта жаңартылып, бой көтерді.
Ескерткіштің ашылуын Қамысқала ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы Абдрахманов Жаиыл, Серғазинов Төкен және Измагамбетов Ислам ақсақалдары жаңадан бой көтерген мемориалдық кешеннің лентасын қиып, ақ батасын берді.

Салтанатты шара барысында Қамысқала ауылдық округінің әкімі А.М.Бутунчинов барша тұрғындарды Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтай отырып, ақ жарма ізгі- тілектерін білдірді.
Қамысқала ауылының тұрғындары мен мектеп оқушылары Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, 1 минуттық үнсіздікпен еске алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kamyskala/press/news/details/993322?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version