2025 жылғы 22 сәуірінде Қостанай облысы Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінің бөлім басшысы Д.Б. Ахметжанов Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі салалық кеңесіне қатысты.
Д. Ахметжанов қатысушыларға денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне ерекше назар аударды. Сондай-ақ деректер базасын өзектендіру мақсатында, егер денсаулық сақтау субъектісі қызметті таратуға, көшуге және басқаларға байланысты жүзеге асырмаса, рұқсат беру құжатының қолданылуын тоқтату қажет.
Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ Заңының (бұдан әрі – Заң) 35-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес лицензиат лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтату туралы ерікті түрде лицензиарға өтініш жасағанда лицензия және (немесе) лицензияға қосымша мынадай жағдайда тоқтатылады.
Заңның 35-бабының 2-тармағына сәйкес осы баптың 1-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысы тоқтатылған немесе лицензия электрондық нысанда ғана ресімделген жағдайларды қоспағанда, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысы тоқтатылған кезде лицензиат лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны он жұмыс күні ішінде лицензиарға қайтаруға міндетті.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 464-бабында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген лицензиялау нормаларын бұзғаны үшін көзделген.
Іс-шара барысында бизнес өкілдеріне өздері қойған сұрақтарды айту ұсынылды, оларға толық жауаптар берілді.
Естеріңізге сала кетейік, тексерулер субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі-тіркеу және есепке алу субъектісі енгізетін мемлекеттік бақылау нысандары туралы мәліметтерді қамтитын, сондай-ақ оларды электрондық форматта тіркеу жүзеге асырылатын ақпараттық жүйе
Профилактикалық бақылауды жүргізу үшін ақпараттық жүйелер арқылы автоматты режимде қалыптастырылатын бақылау субъектілерінің бекітілген жартыжылдық тізімі негіз болып табылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-kostanay/press/news/details/993894?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау