Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Н.Сариева Департамент мамандары, Орал қалалық санитариялық-эпидемиолгиялық бақылау басқармасының мамандары және Zoom платформасы арқылы аудандық басқарма мамандарына Мерекелік күндері Әдеп кодексінің нормаларын қатаң сақтау туралы семинар өткізді.
Семинарда мемлекеттік қызметшілердің арасында жұмыстан тыс уақытта және мерекелік күндері Әдеп кодексінің нормаларын қатан сақтау, сондай-ақ қоғамдық имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеу туралы айтылды.
Сонымен қатар мемлекеттік қызмет, Әдеп кодексі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, ұжымда жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес келетін қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, мемлекеттік әкімшілік қызметшілер өздерінің функционалдық міндеттеріне сәйкес жұмыстарын адал, кәсіби түрде атқару, заңда тәртіптік, әкімшілік не қылмыстық жауаптылық көзделген теріс қылықтар мен құқықбұзушылықтар жасауға жол бермеу туралы ескертілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zko/press/news/details/993749?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау