Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары Нұрмахан Әбілқасымұлы Әділбеков Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің ұжымына жаңа басшы – Серік Төлеуханұлы Жанайдаровты таныстырды.
Серік Тлеуханович Жанайдаров Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Аппараты басшысының 2024 жылғы 12 мамырдағы №409-ж/қ бұйрығымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Алматы қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы болып тағайындалды.
Жанайдаров Серік Тлеуханұлы 1968 жылы Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Бүйректал селосында туған. Ұлты – қазақ. 1994 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін орта мектептің тарих мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. 1999 жылы Алматы Заң институтын заңгер мамандығы бойынша бітірген. 2016 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Экономика және бизнес» бакалавры бойынша бітірген.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Кеден қызметінің үздігі» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ««Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төсбелгісімен, «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gosreestr/press/news/details/993802?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау