Өңірдің су айдындарындағы қауіпсіздік

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шомылу маусымы 1 маусымда басталатынына қарамастан, Ақмола облысының су айдындарында демалушылардың жиналуы байқалады.

Департамент қызметкерлері тұрақты негізде демалушылармен рейдтік-профилактикалық іс-шаралар өткізеді. ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының офицерлері Бурабай көлінде профилактикалық рейд жүргізді.

Судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында құтқарушылар демалушыларға судағы тәртіп ережелерін еске салып, қайықтар мен катамарандарды жалға алушыларда құтқару құралдарының бар-жоғын тексерді.

Ақмола облысының ТЖД ұсынады:

– Тек рұқсат етілген жерлерде шомылыңыз.

– Балаларды қараусыз қалдырмаңыз.

– Мас күйінде суға түспеңіз.

– Су көлігімен жүру кезінде құтқару кеудешелерін пайдаланыңыз.

Осы қарапайым ережелерді сақтау қайғылы жағдайлардан аулақ болуға және демалысты барлығына қауіпсіз етуге көмектеседі.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/993692?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version