Қазақстан құрамасы байдарка мен каноэде есуден Азия чемпионатында екінші орынды иеленді. Континенттік біріншілік Қытайдың Наньчан қаласында өтті. Жалпыкомандалық есепте қазақстандықтардың қоржынында 12 медаль бар: төрт түрлі дәрежеде. Олардың екеуі қарағандылық спортшылардың есебінде.
Жүлдегерлер қатарында Қарағанды облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінің өкілдері, ескек есуден олимпиадалық резерв спорт мектебінің тәрбиеленушілері бар. Виктор Степанов күміс медаль (каноэ, 200 м), Кирилл Тубаев қола (байдарка, mix 4 × 500 м) алды.
– Біз үшін 12 медаль – бұл жақсы нәтиже. Негізгі қарсыластар, күтілгендей, қытайлықтар болды. Төрт алтын медальдің екеуін олимпиадалық қашықтықта жеңіп алдық, – деді ұлттық құраманың бас бапкері Қайсар Нұрмағамбетов.
Алаң иелері бірінші орынды иеленді: Қытай командасы турнирдің басынан соңына дейін сенімді көшбасшы болды. Үшінші орында Иран құрамасы.
Айта кетейік, Наньчанда өткен мерейтойлық ХХ Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының барлық 26 спортшылары финалға шықты. Биыл жарысқа 20 елден 340 ескекші қатысты.
Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/993938?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау