Қарақия ауданында «Таза Қарақия» МКК-на жаңа техникалар табысталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

⚜ 8 мамыр Қарақия ауданында экологиялық ахуалды жақсарту және коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру мақсатында жаңадан құрылған «Таза Қарақия» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына заманауи техникалар табысталды. Жалпы сомасы 218 млн теңгені құрайтын арнайы техникалар аудан бюджеті есебінен сатып алынды.

⚜️Жаңа техникалардың қатарында:

* 2 дана қоқыс тасымалдау көлігі (жалпы құны – 83 млн теңге),

* 2 дана арнайы жүк көлігі (85 млн теңге),

* 2 дана жүк тиегіш техникасы (50 млн теңге) бар.

– Бүгін ауданымыз үшін маңызды әрі қуанышты күн. «Таза Қарақия» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының материалдық-техникалық базасы жаңа техникалармен толықтырылып отыр. Бұл – біздің тұрғындарымыздың тұрмыс сапасын арттыру, ауданның тазалығы мен экологиялық жағдайын жақсарту жолындағы нақты әрі маңызды қадам. Қазіргі таңда коммуналдық саладағы тиімді қызмет – елді мекендердің келбеті мен халқының әл-ауқатына тікелей әсер ететін басты факторлардың бірі. Осы бағытта қабылданып жатқан әрбір шешім – Қарақия ауданының дамуына, халық игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осы игі істің жүзеге асуына атсалысқан барша сала қызметкерлеріне алғысымды білдіремін. «Таза Қарақия» МКК-ның жұмысына сәттілік тілеймін! Берекелі бірлік пен жарқын істеріміз баянды болсын!

⚜Аталған техникалар кәсіпорынның тиімді жұмыс істеуіне, қалдықтарды уақытылы әрі сапалы шығаруға және аудан аумағының санитарлық тазалығын сақтауға елеулі үлес қосады.

⚜Сонымен қатар, алдағы уақытта жолдарды күтіп ұстауға арналған КДМ көпфункционалды техникасын (жол тазалау, тұз шашу, су себу) сатып алу жоспарланып отыр.

⚜Еске сала кетейік, бұған дейін 2024 жылы «Тұрмыс-Сервис» МКК-ның материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 117,7 млн теңгеге 3 бірлік техника (2 манипулятор, 1 жүк тиегіш) сатып алынған болатын.

⚜«Таза Қарақия» МКК алдағы уақытта аудан тұрғындарына сапалы және жүйелі коммуналдық қызмет көрсетіп, сенім үдесінен шығатын нәтижелі жұмыстар атқарады деп күтілуде.

ҚАРАҚИЯ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/992627?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version