Тері тұтастығын бұзатын процедуралар — маникюр, педикюр, пирсинг, кірпік жапсыру, тату және татуаж — әсіресе құрал-жабдықтар дұрыс залалсыздандырылмаса, жұқтыру қаупін тудырады. Ағзаға вирус енуі үшін ластанған қанның микроскопиялық тамшысы жеткілікті.
Мысалы, егер В немесе С гепатиті бар клиент маникюр кезінде білінбейтіндей қан ақса, ал одан кейін сол құралдар толық стерилизациядан өтпесе, олар келесі клиентке жұқтыру көзіне айналуы мүмкін.
Алаңдататын мәселе — вирустық гепатиттердің көп жағдайда созылмалы сатысында, ешқандай белгілері байқалмай немесе аз ғана білінгенде анықталатыны. Ал уақтылы емделмесе, бұл аурулар бауыр циррозына немесе тіпті қатерлі ісікке алып келуі мүмкін.
Көпшілік жұқтыру қаупі тек «инвазивті» процедураларда ғана болады деп ойлайды. Алайда, микрожарақаттар қарапайым шаш қию немесе классикалық маникюр кезінде де пайда болуы мүмкін. Сондықтан санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау – жай формалдылық емес, сұлулық индустриясы мамандары үшін қатаң стандарт болуы тиіс.
Жұқтыру қаупін азайту үшін салон таңдағанда мына жайттарға назар аударыңыз:
Құралдарды стерилизациялау мен персоналдың біліктілігі туралы сұрақ қоюдан ұялмаңыз. Денсаулық – сыпайылықтан маңызды.
Егер процедура кезінде сіз инемен шаншылғандай немесе жарақат алғандай сезінсеңіз, дереу маманға хабар беріп, жараны антисептикпен өңдеуді талап етіңіз. Күмәніңіз болса, дәрігерге қаралып, қажет болса, анализ тапсырыңыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/993407?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау