ҚЫЗЫЛОРДАДА БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ- ИННОВАЦИЯЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫ АШЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қызылорда қаласында «Сыр жұлдыздары» балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық- инновациялық академиясының ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Парламент Мәжілісінің депутаттары Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, Мархабат Жайымбетов және зиялы қауым өкілдері, ел ағалары арнайы қатысты. Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы жұртшылықты жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, білім саласында атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Шығармашылық-инновациялық академия бір мезетте 500 оқушы, тәулігіне 3 мың оқушыға дейін қабылдайды.Мұнда бассейн, топтық жаттығу бөлмесі, көркем гимнастика және фитнес залы орналасқан. Сондай-ақ үстел ойындарына арналған кабинет, жекпе-жек, үстел теннисі залдары бар. Барлық залда ұлдар мен қыздарға арналған жеке-жеке киім ауыстыру бөлмелері қарастырылған. Көркемдік-эстетикалық бағытта кескіндеме, сурет салу, резин арт бөлмесі, балалар шығармашылығы шеберханасы, сәндік-қолданбалы өнер, FabLab, дыбыс жазу студиясы, робототехника және жасанды интеллект, биотехнология, 3D модельдеу, КИП және автоматтандыру, киберспорт және математика кабинеттері жұмыс істейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-saulet/press/news/details/993578?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version