ShalqarPODCAST

Жарияланды:

Автор:

категорияда
“Shalqar-Podcast”
Шалқар қаласы әкімдігінің бастамасымен және үйлестіруімен алғаш рет инстаграм әлеуметтік желісі арқылы тың жоба – “Shalqar-Podcast” қолға алынып отыр. Бұл – қаламыздың өмірін жаңа қырынан танытып, халықпен ашық диалог орнатуға бағытталған маңызды медиа алаң болады деп сенім білдіреміз. “Shalqar-Podcast” – бұл жай ғана сұхбаттар емес, бұл – Шалқар қаласының тыныс-тіршілігін, әлеуметтік, мәдени, экономикалық және жастар арасындағы өзекті мәселелерді талқылайтын ашық әрі еркін платформа. Жоба аясында қала тұрғындары, белсенді жастар, кәсіпкерлер, ардагерлер, мәдениет және білім саласының өкілдерімен сұхбат жүргізіледі.
 
Маңыздылығы:
•Қаланың шынайы келбетін, тұрғындардың ой-пікірін көрсету;
•Жергілікті мәселелерге назар аудару және шешу жолдарын ортаға салу;
•Қоғаммен байланыс орнату, тұрғындардың белсенділігін арттыру;
•Шалқар қаласының ішкі әлеуетін насихаттау, қалалық бірегейлікті қалыптастыру.
 
Көтерілетін негізгі тақырыптар:
•Қаланың дамуы мен өзекті мәселелері
•Жергілікті кәсіпкерлермен сұхбат
•Жастардың рөлі және бастамалары
•Шалқарлық мәдениет пен өнердің келбеті
•Білім, спорт және әлеуметтік жобалар
•Тұлғалармен ашық сұхбат
 
Негізгі бағыт: “Shalqar-Podcast” – бұл уақытша емес, ұзақ мерзімді жобалардың бірі. Жобаның басты мақсаты – Шалқар қаласын заманауи, ашық, белсенді әрі медиа жағынан танымал қала ретінде таныту. Уақыт өте бұл подкаст қаланың брендіне айналып, Шалқардың ерекше рухын, құндылықтары мен потенциалын елге танытатын құрал болады деп сенім білдіремін. 
Құрметпен Шалқар қаласының әкімі: Қ.Р.Исаев

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aktobe-shalkar/press/news/details/992372?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version