Субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің техникалық ақауларға байланысты өтінімдерді ұсыну мерзімі 2024 жылғы 12-16 мамырдан ағымдағы жылғы 19-23 мамырға ауыстырылды23 мая текущего года

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Конкурс өткізу туралы хабарландыру!!!

 

Субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің техникалық ақауларға байланысты өтінімдерді ұсыну мерзімі 2024 жылғы 12-16 мамырдан ағымдағы жылғы 19-23 мамырға ауыстырылды.

Конкурсты ұйымдастырушы: «Жетісу облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» ММ;

электрондық поштаның мекенжайы: dpp_mb@mail.ru;

байланыс телефоны: 8 (7282) 32-93-92.

Конкурстың нысанасы: әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне және «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистері болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік грант беру.

Конкурс нысаны: ашық конкурс.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді беру орны: (https://www.kezekte.kz субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша электрондық өтінімді және толық конкурстық құжаттар топтамасын ұсынады.

Өтінімдерді ұсыну мерзімі: 2025 жылғы «19» мамырдан  бастап 2025 жылғы «23» мамырға дейін қоса алғанда.

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылдауға жатпайды.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына хабарласуға болады: Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26, 1 қабат, оң қанат, 106 кабинет немесе 8 (7282) 32-93-92 телефоны арқылы.

Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен өңірлік үйлестірушінің «Жетісу облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» ММ ресми сайтында және Instagram https://www.instagram.com/zhetysu_kasipkerlik_basqarmasy?igsh=NTZucGdvaWE3aDM5  мен Facebook  https://www.facebook.com/share/bGYGexu5XLKJB8WL/?mibextid=LQQJ4d  әлеуметтік желілерінде танысуға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-panfilov/press/news/details/993336?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version