Судағы қауіпсіздікті сақтау аса маңызды!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жаз маусымы жақындады. Сондықтан Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті суға түскенде маңызды сақтық шараларын есте сақтауды сұрайды.

– Тек рұқсат етілген жерлерде шомылыңыз. Суға мас күйінде кірмеңіз.

– Бейтаныс жерлерде шомылмаңыз және суға сүңгімеңіз. Суда шомылушыларды батырып ойнайтын ойындарға жол бермеңіз.

– Қатты ағысы бар тік жағалауларда, батпақты және өсімдік басқан жерлерде шомылмаңыз.

– Күшті ағыспен күреспеңіз. Оны жағаға жақындау үшін пайдаланыңыз. Ешқашан су иірімдеріне жақын жүзіп бармаңыз.

– Қатты тоңып қалмаңыз және қатты күн өтіп кетпесін. Егер су температурасы + 18 С төмен болса, шомылмаңыз.

– Жүзу үшін тақтайларды, бөренелерді, қолдан жасалған құрылғыларды пайдаланбаңыз.

– Үрлемелі матраспен немесе камерамен жағадан алыс жүзбеңіз.

– Балаларға суға құлап кететін жерлерде ойнауға жол бермеңіз.

– Шомылу кезінде кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз.

 

Құтқару қызметінің бірыңғай телефоны-112.

Жетісу облысының Төтенше жағдайлар қызметі департаментінің мәліметі бойынша

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/993642?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version