Тарбағатай аудандық мәслихатының кезектен тыс XXIX-шы сессиясы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы  12 мамырда аудандық мәслихат төрағасы О.Канагатовтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс жиырма тоғызыншы сессия отырысы өтті. Сессия отырысына аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімінің аппарат басшысы,тиісті бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және  БАҚ өкілі қатысты.

Күн тәртібіндегі бірқатар мәселелер қаралып талқыланды.

Тарбағатай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27  желтоқсандағы №25/2-VIII «2025-2027 жылдарға арналған Тарбағатай ауданы Ақжар  ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;Тарбағатай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27  желтоқсандағы №25/3-VIII «2025-2027 жылдарға арналған Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;Тарбағатай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27  желтоқсандағы №25/4-VIII «2025-2027 жылдарға арналған Тарбағатай ауданы Жаңаауыл ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;Тарбағатай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27  желтоқсандағы №25/5-VIII «2025-2027 жылдарға арналған Тарбағатай ауданы Жетіарал   ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;Тарбағатай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27  желтоқсандағы №25/6-VIII «2025-2027 жылдарға арналған Тарбағатай ауданы Қабанбай  ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;Тарбағатай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27  желтоқсандағы №25/7-VIII «2025-2027 жылдарға арналған Тарбағатай ауданы Қарасу   ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;Тарбағатай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27  желтоқсандағы №25/8-VIII «2025-2027 жылдарға арналған Тарбағатай ауданы Құйған   ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;Тарбағатай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27  желтоқсандағы №25/9-VIII «2025-2027 жылдарға арналған Тарбағатай ауданы Маңырақ ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы; 2025 жылға арналған Тарбағатай ауданында кондоминиум обьектісін басқаруға және кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы;Тарбағатай ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы; 2022 жылғы 24 қарашадағы №27/3-VII Тарбағатай ауданы әкімдігі мүшелерінің құрамына өзгеріс енгізу туралы  мәселелері бойынша ұсыныс-пікірлер тыңдалып,тиісті шешімдер қабылданды.

Күн тәртібіндегі «Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы мәселе қаралып, депутаттардың дауыс беру нәтижесінде  құқық қорғау саласының  ардагері Г.Ж.Қиысбаеваға басым дауыспен «Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы»  атағын беру туралы шешім қабылданды. Азамат  Е.Д.Кырыкбаевқа  депутаттардың бесеуі жақтап, бесеуі қарсы дауыс берді. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 19 бабында « Егер мәслихат сессиясында дауыс беру кезiнде мәслихат депутаттарының дауысы тең бөлiнген жағдайда, мәслихат төрағасы шешушi дауыс құқығын пайдаланады» деп атап көрсетілген. Осы негізде мәслихат төрағасы О.Канагатовтың шешуші дауысымен азамат Е.Д. Қырықбаевқа «Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы»  атағын беру туралы шешім қабылданды.

Тарбағатай ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы мәселесі бойынша салық мөлшерлемесі 4 пайыз мөлшерінде қалдыру жөнінде  шешім қабылданды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tarbagatay-maslihat/press/news/details/993767?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version