Жетісу облысы, Алакөл аудандық мәслихат төрағасы Каримов Досан Елжанұлы Теректі ауылдық округіне арнайы іссапармен барып, тыл ардагерлерін құттықтап, оларға Қазақстан Республикасының Президенті атынан медаль табыстады.
Ардагерлерге көрсетілген құрмет – еліміздің тарихындағы ауыр кезеңдерді бастан өткеріп, тәуелсіз Қазақстанның гүлденуіне үлес қосқан жандарға деген алғыс пен құрметтің белгісі. Досан Елжанұлы ардагерлердің ерлігі мен еңбегін жоғары бағалап, оларды марапаттау арқылы жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында осындай шаралар ұйымдастырып отыр.
«Біздің бабаларымыздың еңбегі мен ерлігі – бүгінгі ұрпақтың аман-есен өмір сүруіне кепіл болып отыр. Құрметті ардагерлер, сіздердің адал еңбектеріңіз ешқашан ұмытылмайды. Елдің ертеңі үшін атқарған жұмыстарыңыз – біздің басшылығымызға жол көрсетеді», – деп атап өтті Каримов Досан Елжанұлы.
Іс-шара барысында ардагерлер шынайы ризашылығын білдіріп, мемлекеттің осындай қамқорлығын жоғары бағалады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-terekti/press/news/details/993504?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау