«Тіл заңнамасының сақталуы және тұтынушылардың құқықтарын қорғау»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 10 сәуір күні Қостанай облысы Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен «Тіл заңнамасының сақталуы және тұтынушылардың құқықтарын қорғау» тақырыбында жиын өтті.

Жиынға облыстық Мәдениет басқармасы мен Қоғамдық даму басқармасының басшылығы, Халықаралық Қазақ тілі қоғамының Қостанай облыстық филиалы, Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ «MART», «KOSTANAYPLAZA», «Астықжан», «Солнечный», «ЦУМ», «Апельсин» секілді ірі сауда және ойын-сауық орталықтары мен супермаркеттердің өкілдері қатысты.

Жиын барысында мемлекеттік тілдегі қызмет көрсету сапасы, көрнекі ақпарат пен фискалдық чектердің заң талаптарына сәйкестігі, сондай-ақ тілдік себептермен туындайтын құқықтық және этносаралық шиеленістердің алдын алу мәселелері талқыланды.

Спикерлер тарапынан заңнамалық өзгерістер, оның ішінде Кәсіпкерлік субъектілерінің көрнекі ақпаратты орналастыру тәртібі, екі тілдегі чектерді беру міндеті мен Әкімшілік кодекстегі жаңа толықтырулар бойынша нақты ақпарат берілді.

Қатысушылар өзара пікір алмасып, тіл заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, тұтынушының заңды құқығын қорғау және мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бойынша бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet/press/news/details/993992?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version