ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР

Жарияланды:

Автор:

категорияда
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесі мен 9 мамыр – Жеңістің 80 жылдығы аясында бүгін Жетісай ауданында заманауи қоғамдық көліктердің кілті табыс етілді.
Аудан аумағында жолаушыларды тасымалдаушы «SAR avto» ЖШС арнайы мемлекеттік бағдарлама арқылы елді мекен тұрғындарының аудан орталығына қатынауын оңтайландыру үшін 10 бағыт бойынша қоғамдық көліктер санын арттырып отыр.
Заманауи үлгідегі 14 шағын автобустың кілтін табыстау рәсіміне аудан әкімі Серік Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Алмасбекұлы, еңбек ардагері Тойым Жүнісов қатысып, жұртшылықты айтулы мерекелерімен құттықтады. Жүргізушілерге су жаңа көліктердің кілтін тапсырды.
«Аудан аумағындағы қоғамдық көліктерді жаңартудағы басты мақсатымыз – бірінші кезекте жолаушыларға оңтайлы жағдай жасау болса, екінші кезекте заңсыз жолаушы тасымалдаумен айналысатын автокөліктерге бәсекелестік орнату» дейді аудан басшысы.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
 
 
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/992419?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version