ТЫЛДА ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАН «АНА ДАҢҚЫ» ИЕГЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Өткен ғасырдың ең сұрапыл соғысында майдан даласында ғана емес, тылда ерен еңбек еткен аналарымыздың да еңбегі – ерлікпен пара-пар. Тыл ардагерлерін қадірлеп-құрметтеу – олардың жасаған ерлігін кейінгі ұрпаққа жеткізу – міндетіміз.
Ерлік пен елдіктің мерекесі –Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында аудан әкімі Азат Оралбаев Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Н.Әбішов және Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ғани Райымбековпен бірге, тыл ардагері Күнтай Сағындықова апамызды арнайы барып құттықтап, Жеңістің “80 жылдық” мерекелік медалімен марапаттап, арнайы сый-сияпат жасады.
Ардақты ардагер анамыз ақ батасын беріп, ел амандығын, жұрт тыныштығын тілеп, жүрек тебірентерлік естеліктерімен бөлісті.
Олардың әрбір сөзі – тарих, әрбір ісі – өнеге. Бүгінгі бейбіт күн – сол кісілердің қажырлы еңбегі мен төзімінің нәтижесі екені ешқашан ұмытылмайды.
Тыл ардагері Күнтай Сағындықова Темірлан ауылында дүниеге келген. “Полезный труд” колхозында жұмысшы, кейіннен звено жетекшісі болған. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, Темірлан ауылдық Кеңесіне депутат болып сайланып, туған өлкені түлету жолында қызмет еткен. “Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін”медалімен, Ұлы жеңістің 50, 60 жылдық мерекелік медальдарымен марапатталған. 8 ұл-қыз тәрбиелеп, 1 дәрежелі “Ана даңқы” медалі берілген.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/992548?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version