ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ЕСКЕРТКІШІ ОРНАТЫЛДЫ
✔️Түркістан облысы, Сайрам ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, халқымыздың жауынгерлік рухы мен батырлық шежіресіне тағзым жасалды. Іс-шара барысында мерекелік әскери шеру ұйымдастырылып, оған 500-ге жуық азамат қатысты.
Жеңіс күніне орай Кеңес Одағының батыры, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының ескерткішінің ашылу салтанаты өтті.
Салтанатты жиынға қатысушылар «Мәңгілік алау» алдында гүл шоқтарын қойып, сұрапыл соғыста қаза тапқан майдангерлердің рухына тағзым етті. Сонымен қатар бірқатар тыл еңбеккеріне мерекелік медальдар табысталды.
Салтанатты жиында аудан әкімі Арман Сабитов жұртшылықты атаулы мерекемен құттықтап, Ұлы Отан соғысында жанқиярлықпен шайқасқан батырларымыздың ерлігі – елдігіміздің мәңгілік мұрасы екенін атап өтті.
Іс-шара концерттік бағдарламаға жалғасты. Аудан өнерпаздары соғыс жылдарындағы батырларымыздың ерен еңбектері жайлы сахналалық көріністер қойып, жауынгер рухын жырлаған әндер орындады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
—————
В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ УСТАНОВЛЕН ПАМЯТНИК БАУЫРЖАНУ МОМЫШУЛЫ
✔️В Сайрамском районе Туркестанской области состоялось праздничное мероприятие, посвящённое 80-летию Великой Победы. В ходе торжеств была отдана дань уважения воинскому духу и героической летописи нашего народа. В рамках мероприятия был организован праздничный военный парад, в котором приняли участие около 500 человек.
В честь Дня Победы состоялось торжественное открытие памятника Герою Советского Союза, легендарному командиру Бауыржану Момышулы. Участники мероприятия возложили цветы к Вечному огню и почтили память павших солдат. Кроме того, ряду тружеников тыла были вручены юбилейные медали.
На торжественном собрании аким района Арман Сабитов поздравил жителей с памятной датой, отметив, что подвиг героев, сражавшихся с самоотверженностью на фронтах Великой Отечественной войны, является вечным наследием нашего народа.
Праздник продолжился концертной программой. Артисты района представили театрализованные постановки о подвигах героев военных лет и исполнили песни, воспевающие боевой дух солдат.
Пресс-служба акима Туркестанской области
#ҰлыЖеңіс80, #Ардагерлерге_тагзым, #Тағзым_ветеранам
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/993698?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау