“Үздік мейіргерлер” анықталмақшы

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Жамбыл облысында 12 мамыр – Халықаралық мейіргерлер күніне орай «Облыстың үздік мейіргері – 2025» атты кәсіби байқау өтіп жатыр.

Ауқымды іс-шараны облыстық денсаулық сақтау басқармасы, «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының облыстық филиалы, Жамбыл жоғары медициналық колледжі және «Жамбыл облысы мейіргер ісі мамандарының кәсіби бірлестігі» қоғамдық бірлестігі бірлесе ұйымдастырған.

Байқаудың басты мақсаты – мейіргер мамандығының кәсіби біліктілігі мен қоғамдағы мәртебесін көтеру, қызмет сапасын арттыру және халық денсаулығын нығайтуға үлес қосу.

Кәсіби додаға өңірдің әр аудандарынан 12 үміткер қатысып, өз білімдері мен тәжірибелерін ортаға салуда. Байқау төрт кезеңнен тұрады: алғашқы кезеңде қатысушылар өзіндік таныстыру мен үй тапсырмаларын ұсынады. Екінші кезең – блиц-турнир форматында «Мейіргер ісіне кешенді көзқарас: алғашқы медициналық көмектен клиникалық жағдайларға дейін» тақырыбында өтсе, үшінші кезеңде теориялық білімдер сарапқа салынады. Төртінші және шешуші кезеңде қатысушылар симуляциялық құралдарды пайдалана отырып, клиникалық станцияларда практикалық дағдыларын көрсетеді.

Мейіргер мамандығы бүгінгі күні денсаулық сақтау жүйесінің ажырамас бөлігіне айналғаны сөзсіз. Осындай байқаулар білікті мамандардың беделін арттырып қана қоймай, салада сапалы қызмет көрсетуді дамытуға зор ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk/press/news/details/993531?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version