Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығымен!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Құрметті аққайыңдықтар!
Сіздерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – бүкіл халықтың мызғымас рухының, ерлігінің және бірлігінің символына айналған ерекше дата. Әр отбасыда майданда шайқасқан, тылда тынымсыз еңбек еткен, Жеңіс үшін барын сарп еткен ата-бабаларымыздың жарқын бейнесі мен ерлік жолы мәңгілік жадымызда сақталады.
Бүгінгі таңда Аққайың ауданында сол бір ауыр кезеңнің куәсі, шынайы тарихтың аманатшылары – 71 тыл ардагері өмір сүріп жатыр. Біз оларды шын жүректен қадірлейміз, терең ризашылығымызды білдіреміз. Олардың төзімділігі, еңбегі мен Отанға деген сүйіспеншілігі – біз үшін үлгі.
Қайтыс болған ерлерге – тағзым, аман жүргендерге – бас иеміз!
Олар қорғаған бейбітшілік әр шаңырақта мәңгі орнасын!
Баршаңызға мықты денсаулық, амандық, бақ-береке мен ашық аспан тілеймін!
Ұлы Жеңіс күні құтты болсын! Батырларға мәңгілік даңқ!
Аққайың ауданының әкімі Ж. Құсайын

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-akkayiyn/press/news/details/993342?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version