Бүгін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдық мерейтойына орай Бірінші Мамыр ауылдық округі әкімдігінің және «Төлеби спорт клубы» КММ-нің ұйымдастыруымен мәдени және спорттық іс шаралар өтті.
Аталған шараның мақсаты – тарихи Жеңіске тағзым ету, салауатты өмір салтын насихаттау және жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу. Спорттың төрт түрінен: қазақ күресі, асық ату, арқан тарту және кіші футболдан өткен жарысқа ауыл жастары мен спортсүйер қауым белсенді қатысты.
Іс шараға арнайы қатысқан аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров жиналғандарды Жеңістің 80 жылдығымен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тілеп, мұндай шаралардың ел бірлігі мен жастардың рухын көтерудегі маңызын атап өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған командалар мен қатысушылар арнайы грамота, медаль, кубоктармен және қаржылар сертификаттармен марапатталды.
Аталған мерекелік іс шара спорттық сайыстарымен жалғасын тауып, ауыл тұрғындары мен қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/993840?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау