«Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қонаев қаласында 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шара аясында қатысушылар алдымен Д.А.Қонаевтың ескерткішінің алдына жиналып, Ұлы Отан соғысының ардагерлері – Солтанбай Жарықбасов пен Алым Кибировпен жылы жүздесу өткізді. Ардагерлер соғыс жылдарындағы естеліктерімен бөлісті.

Шараға Алматы облысының әкімі М.Сұлтанғазиев пен Алматы облыстық мәслихатының төрағасы Қ.Байғоджаев, облыстық мәслихат депутаттары, ардагерлердің ұрпақтары және қала тұрғындары қатысты.

Шара әрі қарай «Даңқ» мемориалында жалғасты. Қатысушылар ескерткішке гүл шоқтарын қойып, Ұлы Жеңіс жолында құрбан болған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Салтанатты жиында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жиналған қауымды Жеңіс күнімен құттықтап, бейбіт өмірдің құны мен соғыс ардагерлерінің ерлігін ерекше атап өтіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медальдары табыстады. Бұл – ел Президентінің ҰОС ардагерлеріне деген айрықша құрметінің көрінісі.

Іс-шара барысында ардагерлерге ерекше қуаныш сыйлаған маңызды сәттердің бірі – тұрғын үй кілттерінің табысталуы болды. «Bi Urban Construction» ЖШС техникалық директоры И. Жекеев ардагерлерге жаңа пәтер кілттерін табыстап, алғысын білдірді.

«Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты мерекелік іс-шара – ел тарихын ұлықтауға, батыр бабалардың ерлігін құрметтеуге бағытталған маңызды басқосу болды. Мұндай тағылымды шаралар арқылы жас ұрпақтың бойында елге, жерге деген сүйіспеншілік артып, өткенге деген құрмет нығая түсері сөзсіз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-maslihat/press/news/details/992587?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version