ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ – 80 ЖЫЛ!
9 мамыр – Жеңіс күніне орай Шу ауданы аумағында тағзым шаралары өтті.
Шу қаласы мен Төле би ауылында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің рухына құрмет көрсетіліп, ескерткіштерге гүл себеттері қойылды.
Шу қаласында:
•«Ешкім де ұмытылмайды» монументі, Т.Рысқұлов алаңы
•Кеңес Одағының Батыры Саду Шәкіров ескерткіші
Төле би ауылында:
•«Белгісіз жауынгер» ескерткіші орналасқан Даңқ аллеясында
Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік көрініс ұйымдастырылды.
Шараға аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков, аудан прокуроры, Қайыржан Қуатбеков, аудандық мәслихат төрағасы Жасұлан Әбенов ардагерлер, ұстаздар қатысты.
Ұмытылмас ерлік. Мәңгілік тағзым.
Жеңіс күні құтты болсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-shu/press/news/details/992614?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау