Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңындағы құрмет

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңындағы құрмет

Жеңіс мерекесі қарсаңында Отан үшін тылда еңбек еткен ардагерлерге көрсетілетін құрмет – бүгінгі буынның парызы мен адамгершілік борышы.

Осыған орай, ағымдағы жылдың 06 мамыры күні аудан әкімі А.Көшкінбаев және аудан әкімінің орынбасары Р.Ғұмар, аудандық қорғаныс бөлімінің басшысы А.Куббергенов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшыс А.Муканов, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Д.Жарасов аудан орталығындағы тыл ардагерлеріне арнайы барып, Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады.

Аудан әкімі «Біз әрқашан бейбіт күн мен тыныштық сыйлаған әке-аталарымызды құрметтеп, ортамызда жүрген соғыс және тыл ардагерлеріне басымызды иіп, асқан ризашылығымызды білдіреміз.

Жеңіс мерекесі өр де қайсар мінезді майдангерлеріміздің және тылда тынымсыз еңбек еткен ағаларымыз бен апаларымыздың ерен ерлігінің, биік рухының мерекесі. Бүгінгі ұрпақ аға-буын ардагерлер танытқан үлкен ерліктен үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерен еңбекке толы Жеңіс күні тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.

Жеңіс күнін жақындатқан майдан даласындағы ерен ерлік ешқашан ұмытылмақ емес. Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мерекесі қарсаңында Сізге шын көңілден денсаулық, тіршіліктің ұзақ та жарқын, алаңсыз күндерін, жан шуағын, жақын адамдарыңыздың қамқорлығы мен ықыласын тілеймін» – деп жүрек жарды лебізін жеткізіп, ардагерлердің кеуделеріне «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалін тақты.

Өз кезегінде қариялар осындай құрмет көрсеткен үшін зор ризашылықтарын жеткізіп, бейбіт өмір мен еңбектеріне табыс тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-zhangala/press/news/details/993940?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version