2025 жылдың 09 мамыр күні Жетісу облысы Алакөл ауданы Ақжар ауылдық округінде ” Ұлы жеңістің 80 жылдығына орай дзюдо күресінен жасөспірімдер арасында аудандық ашық турнир өткізілді.
Аталған ашық турнирге ауданымыздың 12 ауылдық палуан ұлдарымен қыздары сайысқа түсті.
Жарыс өте қызықты және жоғары деңгейде өтті.
Жеңімпаздар Ақжар ауылдық округінің әкімі Жапарғалиев Елес Қайырғалиұлының мадақтама қағаздарымен, спорт нұсқаушы Айтимбетов Ринат Рахимбекұлының кубоктарымен және демеушілік жасаған ата аналардың арнайы тапсырыспен жасатылған медальдарымен марапатталды.
Демеушілік жасаған ата аналарға үлкен рахмет.
Жарысқа 200 жуық жасөспірім спортшы қатысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-akzhar/press/news/details/993445?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау