Ағымдағы жылдың 8 мамырында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ұлытау облысы бойынша департаменті облыстық Білім басқармасының басшылығының, мектепке дейінгі мекемелер директорлары мен бухгалтерлерінің қатысуымен кеңес өткізді. Алшақ аудандардың өкілдері кеңеске бейнебайланыс арқылы қосылды.
Кездесудің негізгі мақсаты – жымқыру деректерінің алдын алу, балабақшалардағы қаржылық операциялардың ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ Білім басқармасы мен аумақтық бөлімдер тарапынан бақылауды күшейту болды.
Мәжіліс барысында мектепке дейінгі мекемелердің төлемдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан мониторинг жүргізуге келісім алу мәселесі қаралды.
Қатысушыларға қаржылық бұзушылықтар мен заңбұзушылықтар үшін жауапкершілік туралы ескертілді.
Мәжіліс ашық диалог форматында өтіп, әрбір қатысушы өз сұрақтарын қойып, мектепке дейінгі ұйымдардың қаржылық қызметі саласындағы алдын алу шараларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар білдіру мүмкіндігіне ие болды.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-ulytau/press/news/details/992382?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау