Жамбыл облысында азаматтардың қауіпсіздігін арттыру бойынша жаңа бастамалар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тараздың прокурорлары мемлекеттік органдардың күш-жігерін қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға жұмылдыра отырып, қылмыс деңгейі жоғары қолайсыз аудандарды анықтауға және оларды жақсартуға бағытталған «Қауіпсіз қала» жобасын іске асыруда.

Мәселен, ағымдағы жылдың 1-тоқсанында облыс прокуратурасының Үйлестіру кеңесінде қала бойынша құқық бұзушылық жасау жиілігі жоғары кварталдар анықталды.

Облыс прокурорының тапсырмасы бойынша құрылған ведомствоаралық топтар аталған тоқсандарда құқық бұзушылықтардың алдын алуды арттыру жөнінде нақты шаралар қабылдауда.

Мұндай мақсатты тәсілдеме әкімдік пен полиция үшін міндеттерді нақты айқындауға мүмкіндік берді, бұл қаланың 1,2,5 шағын аудандарында әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауды 27%– ға арттыруға ықпал етті (2024 ж.- 430, 2025 ж. – 624).

Қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы шеңберінде Қаратау шағын ауданына көшпелі іс-шара барысында бағалады, онда қазіргі мәселелер белгіленіп, нақты міндеттер қойылды.

Атап айтқанда, прокурор маргиналды адамдар пайдаланатын иесіз ғимараттармен мәселені шешу, сондай-ақ қоғамдық кеңістіктерді бейнебақылау және жарықтандыру жүйелерімен қамтуды кеңейту қажеттігін атап өтті.

Полицияға жаяу және автопатрульдер санын көбейту, учаскелік пункттердің жұмысын күшейту, сондай-ақ «МИБ» төрағаларымен тығыз қарым-қатынас орнату тапсырылды.

Іссапар барысында прокуратураның ерекше бақылауына алынған көше қауіпсіздігінің проблемалық мәселелері айтылған шағын аудандардың тұрғындарымен кездесу жүзеге асырылды.

Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдары, сондай-ақ азаматтық қоғам арасындағы белсенді өзара іс-қимыл нәтижесінде өңірде қауіпсіздіктің айтарлықтай жақсаруы күтілуде.

 

Жамбыл облысының прокуратурасы

#Заңжәнетәртіп #Заңүстемдігі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhambyl/press/news/details/993303?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version